




Жаңалық ашуға шабыттандырамыз — сәттілікке серік етеміз!
Қош келдіңіздер!
«НурГазиз» бөбекжай балабақшасы Талдықорған қаласында 2016 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан заманауи, жайлы мектепке дейінгі мекеме. Осы жылдар ішінде біз жүздеген ата-ананың сеніміне ие болып, балалар үшін екінші үйге айналдық.
Балабақшамыз мемлекеттік білім беру стандарттарына және заманауи ерте дамыту әдістеріне сәйкес жұмыс істейді. Баланың үйлесімді интеллектуалдық, эмоционалдық, шығармашылық және физикалық дамуына назар аударылады.
Бүгінде балабақшада 90 бала тәрбиеленуде. Әр балаға жеке көзқарас танытып, мейірім мен қамқорлық көрсетеміз. Басты мақсатымыз — әр баланың жеке қабілетін ашып, жан-жақты дамуына жағдай жасау және мектепке сенімді дайындау.
Неге бізді таңдайды:
- тәжірибелі, кәсіби және қамқор тәрбиешілер ұжымы;
- қауіпсіз және дамытушы орта;
- тақырыптық іс-шаралар, мерекелер, театрландырылған көріністер;
- жан-жақты дамытуға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы;
- шығармашылық, музыкалық, спорттық сабақтар;
- қалалық және облыстық байқаулар мен іс-шараларға белсенді қатысу;
- ата-аналармен белсенді ынтымақтастық және ашық қарым -қатынас.
Біздің тәрбиеленушілеріміз түрлі сайыстар мен фестивальдерге қатысып, жеңіске жетіп, сахнада сенімді өнер көрсетеді. Бұл – балабақша ұжымының бірлескен еңбегі мен балаларға деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.
«НурГазизде» балалардың армандары орындалып, табысты болашаққа бастау алады!
