Егинбаева Роза Есжановна
«Ясли –сад НурГазиз» ЖШС-нің құрылтайшысы, Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының (ҚҰББҚ-КАНО) Жетісу облысы және Талдықорған қаласы бойынша филиалының директоры, Жетісу облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі.
Білімі жоғары, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 1995-2000 жж.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен (2023 ж.), «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен (2023 ж.), Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2022 ж.).
Егинбаева Роза Есжанқызы – тәжірибелі педагог (еңбек өтілі 25 жылдан астам), мектепке дейінгі білім беру саласындағы тиімді менеджер. 2016 жылдан бері Талдықорған қаласындағы «Ясли –сад НурГазиз» ЖШС-нің құрып, заманауи білім беру тәсілдерін сәтті жүзеге асырып, балалардың дамуына қолайлы жағдай жасауда. «Атамекен» өнеркәсіп палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің мүшесі ретіндегі қызметі аясында кәсіпкерлікті, әсіресе, білім беру саласында қолдау көрсету стратегияларын әзірлеуге, өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуда.
Роза Есжанқызының кәсіби философиясы мектепке дейінгі сапалы білім – әрбір баланың табысты болашағының іргетасы деген сенімге негізделген.
Жарияланымдар:
- https://vestnik19.kz/news/obshestvo/den-respubliki-nalazhen-dialog-mezhdu-biznesom-i-gosstrukturami-29948/
- https://atameken.kz/ru/news/47118-taldykorganskim-studentam-rasskazali-kak-zapustit-startap-s-nulya
- https://5region.kz/posts/index/*?slug=chastnye-detsady-nedovolyny-rabotoy-portala-%C2%ABe-zhetysu-v-almatinskoy-oblasti
